02:17, 14 Ақпан 2025 | GMT +5
Астана вокзалында жүк контейнері жарылды - ҚТЖ
АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды.

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, жарылыстың дүмпуі нысан маңындағы тұрғын үйлерге сезілген.
Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
- 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30-да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды.
Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ақпаратта.
Сонымен қатар контейнердің жеке компанияға тиесілі екені айтылады.
Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада цех өртенгенін жазғанбыз.