Астана вокзалындағы көлік тұрағы тарифі арзандады
«City Transportation Systems» ЖШС «Астана» ТЖ вокзалындағы ақылы тұрақтың тарифі 5 тамыздан бастап өзгеретінін мәлімдеді.

«Барлық пайдаланушы үшін ыңғайлы және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 2 сағаттан кейінгі 6 сағатқа дейінгі тұрақ үшін әр сағатына қосылатын 1 мың тг төлем алынып тасталынады.
Енді сағаттық тариф 200 тг болады, яғни әр қосымша сағат үшін тек 200 тг қосылады. Мәселен, қазіргі тариф бойынша 3 сағаттық тұрақ үшін пайдаланушы 1200 тг төлеуі керек. Жаңа тариф бойынша 3 сағат үшін 600 тг алынады.
Одан көптеу уақыт, 6 сағатты салыстырсақ, қазіргі тариф бойынша ол 4 200 тг, ендігі жаңа бағада — 1 200 тг», — деп түсіндірді ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» темір жол вокзалындағы ақылы тұрақ тарифі 2017 жылдан өзгерген жоқ. Тарифтік кесте тұрғындардан түскен өтініштердің нәтижесі бойынша және тұрақтарды пайдалану шығындарының қаржылық көрсеткіштерін ескере келе жасақталды.
Салыстырмалы баға кестесін келесі суреттен қарай аласыздар.