02:33, 14 Ақпан 2025 | GMT +5
Астана вокзалындағы жарылыс: ТЖМ хабарлама таратты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана вокзалында орын алған төтенше оқиғаға қатысты ТЖМ хабарлама таратты.

Елордалық Полиция департаментінің орталық жедел басқармасының дерегінше, Сарыарқа ауданындағы Гёте көшесінде жарылыс болған.
ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде дүмпу орын алды.
Ал ТЖМ оқиға орнына дереу құтқарушылар жеткенін мәлімдеді.
- Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер де байқалмады. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады, - делінген ведомство дерегінде.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда.
Айта кетейік, Астана вокзалында жүк контейнері жарылды.