Астана вокзалында өткен рейдте «Марго» есімді ит заңсыз келушілерді анықтауға көмектесті

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - «Заңсыз келуші-2012» жедел профилактикалық іс-шарасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Бүгін Көліктегі ІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы Нұрлан Башбайұлы бастап барған арнайы топ  Астананың теміржол вокзалында №16 «Алматы-Петропавл» бағытындағы пойыз вагонында кинологиялық орталықтың Марго есімді қызметтік-іздестіру итінің көмегімен іздестіру шараларын жүргізді.

КІІД Көші-қон полиция басқармасының, Астана станциясы ІІЖБ көші-қон полициясы бөлімі, КІІД баспасөз қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен рейд барысында іс-шараны ұйымдастырушылар жолаушылардың құжаттарын тексерді. Ал Марго тыйым салынған және заңсыз заттарды іздеді. Акция барысында ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ.

14-20 мамыр аралығында жалғасатын «Заңсыз келуші-2012» шарасына ІІО-ның 721 қызметкері жұмылдырылған. Оның ішінде 52 көші-қон полициясы, 118 криминалдық полиция, 226 патрульдік полиция қызметкерлері және 239 басқа сала қызметкерлері бар.

Нұрлан Башбайұлының айтуынша, бір тәуліктің ішінде 8 қылмыс тіркелді. Атап айтсақ, Семей станциясысында РФ азаматы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз өткені үшін және Астана станциясында РФ азаматы заңсыз оқ дәрі алып жүргені үшін 2 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, заңсыз шетел жұмыс күшін пайдаланудың алдын алу бойынша 22 нысан тексерілген болатын. Оның барысында жеке басын  анықтайтын құжатсыз жүрген 14 адам уақытша ұстау-тарату орнына орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар