«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының маусымын «Летувос Ритас» балтық жағалауы клубын жеңуден бастады

Ойын иелері кездесуді қызу бастап кетті. Бастапқыда форвард Роул Маршалл Степанос Бабраускастың лақтырған добын қағып түсірсе, жаңадан келген ортаңғы-ойыншы Андреас Глиниадакис өз командасына бұл маусымдағы алғашқы ұпайларды жинады, есеп - 2:0. Кейін спортшы тағы бір допты кіргізді - бұл жолы айып добымен.
«Астана» ойынға жетекшілік етіп, оны жүргізіп отырды. Роул Маршаллдың «үштігі» айырмашылықты алты пункт - 14:8 есебіне дейін ұлғайтты. Ол басымдықты алыстан лақтырылған екі доппен 21:13-ке дейін жеткізді.
Бұл ойында басқа да лигионерлер өздерінің есептерін ашты. Алдымен американдық ортаңғы-ойыншы Дэвид Саймон шеңбердің астында айқасып, оны нәтижелі доппен аяқтады. Келесі шабуылда Анатолий Колесников (Бозе лақап атымен танымал) есепті 25:15-ке жеткізді.
Ал әрі қарай елордалық ойыншыларды алмастырып қойғандай болды: алғашқы ойынның соңында және төртте екінің басында «Астана» өзінің 10 ұпай айырмашылығын жоғалтып алды. Осылайша ойынның 25:15 есебі 25:29-ға айналды.
Үш ұпайлы артиллерия қосылды: бұл минуттарда әсіресе «астаналықтар» Бранко Цветкович пен Анатолий Колесников аса белсенді болды, сондай-ақ Янис Блумс пен Миндаугас Кателинас - қонақтарға қарсы. Бұл айқастан кейін командалар үзіліске 42:47 есебімен литвалықтардың пайдасымен кетті.
Үзіліс барысында «Астананың» ұстазы Маттео Боничиолли ойыншыларды белсенділікке шақырған болу керек. Джерри Джонсонтан бастап Андреас Глиниадакиске дейінгі әрқайсысы қарсыласымен қаталырақ ойнай бастады. Нәтижесінде ұпайлар тапшылығы жойылды. Нәтижені Джонс пен Маршалл берді.
61:62 - «Летувостың» психологиялық әрі тұрақсыз басымдығы. Бір мезетте Бранко Цветкович ойынға қосылып, бір шауыблда бірден 3 поинт алды. Есеп - 64:64.
Ойынның соңы - маңызды сәтте Степанос Бабраускас қателік жіберді, есеп - 70:71. Ойын «Астанаға», нақты айтқанда оны ойнатқан Джерри Джонсонға өтті. Американдық ойынды өз қолына алып, финалдық дабылға дейін 1,5 секунд қалғанда фол жасады. Қонақтар құтқарыла алмады... Бұл елордалықтардың маусымдағы алғашқы жеңісі.