«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан екінші рет жеңіске жетті

ВТБ Бірыңғай лигасының 8-туры аясында «Астана» екатеринбургтік «Уралмашты» өз алаңында қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.  

баскетбол
Фото: vtb-league.com

Кездесу елордалық клубтың жеңісімен аяқталды. Алаң қожайындары қонақтардан 80:72 есебімен басым түсті. 

Жеңімпаз команданың баскетболшылары Карвел Андерсон мен Дэвин Дэвис матч қорытындысы бойынша 19 ұпайдан жинап, нәтижелі ойыншы атанды. Ал, елордалық ұжым ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан екінші рет жеңіске жетіп отыр. 

Еске сала кетейік, 15 қарашада Астанада жергілікті команда Беларусь елінің командасы «МИНСК»-ті қабылдайды.