«Астана» ВТБ-Лиганың бірінші турында ЦСКА-мен ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан ВТБ-Лиганың жаңа маусым кестесі жарияланды. Оған сәйкес, «Астана» турнирді былтырғы жеңімпаз Мәскеудің ЦСКА-сына қарсы ойынмен бастайды, деп хабарлайды SPORTINFORM.  

«Астана» ВТБ-Лиганың бірінші турында ЦСКА-мен ойнайды

Турнир 5 қазан күні «Локомотив-Кубань» - «Зенит» матчымен басталады. Қазақстан өкілі алғашқы ойынын Астанада 7 қазанда өткізеді. Эмиль Райкович командасы сырттағы алғашқы матчында 14 қазан күні Минскіде «Цмоки-Минск» командасымен ойнайды.

Баскетбол додасының регламенті өте қарапайым: 14 команда екі айналымдық (өз алаңында және сырт алаңдағы ойындар) кезеңге қатысады. Оның қорытындысы бойынша үздік сегіз ұжым плей-офф кезеңінде титул жеңімпазын анықтайды. Барлық сериялар «2-2-1» схемасында бір команда үш жеңіске жеткенше жалғасады.