Astana Women's Team командасының спортшысы Коста-Рикада «Вуэльтада» жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Astana Women's Team»  командасының 22 жастағы жарысқа қатысушысы Арленис Сьерра   Коста-Рикада   26 - 30 шілдеде өткен Vuelta Feminina бәсекесінде жеңіске жетті.
None
None

   Бұл туралы cycling.kz хабарлады.

Арленис Сьерра төрт кезеңнің үшеуінде жеңіске жетіп, қызғылт майка  алды, таудағы жарыста  да үздік атанды. Оның командадағы әріптесі  София Беггин мен София Бертиццоло көп күндік нәтижесі бойынша басты іріктеуде  5-ші және 6-шы орындарды иеленді.   

  Astana Women's Team командалық есепте бірінші орын алды.   

Соңғы жаңалықтар