«Астана-заң» құқықтық порталы іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық әділет департаменті мен ҚР Заңгерлер одағының елордалық филиалы «Астана-заң» (www.astanazan.kz) құқықтық порталын ашты.

«Астана-заң» құқықтық порталы іске қосылды

Аталған департамент басшысы Қанат Мусиннің атап өтуінше, порталдың басты мақсаты - құқықтық заңнама, мемлекеттік органдардың қызметі туралы соңғы жаңалықтар мен құқық қорғау, сот және мемлекеттік органдардың, нотариалдық палата, бағалаушылар мен адвокаттар алқасы басшыларының блогтарына кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық қызмет ресурсын құру.

«Бұл интернет ресурс Әділет департаменті мен Қазақстан Заңгерлер одағы елордалық филиалының бірлескен жұмысының жемісі. Мұны белгілі бір деңгейде біздің ноу-хау десек те болады. Өйткені, бүгінгі таңда мұндай интернет ресурс Қазақстан аумағында жоқ, яғни, алғашқы қарлығашы», - деді Қ.Мусин.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, интернет қолданушылар мемлекеттік қызметтер туралы және құқықтық негіздегі кез келген ақпаратқа, онлайн кеңестерге жедел әрі тиімді қол жеткізетін болады.