«Астана-Защита» бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Защита» бағытындағы №67/68 жолаушылар пойызының рейсі техникалық себептерге байланысты тоқтатылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2016 жылдың 20 қарашасында «Астана-Защита» бағытындағы №67/68 жолаушылар пойызының рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылғандығын хабарлайды.
Аталмыш пойыз жолаушыларына билеттері 100 пайыз бағамен қайтарылды. Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның өкілдері жолаушылардан кешірім сұрайды.