Астана жағажайында Моңғолияда туған екі азамат танысуды жалғастырудан бас тартқан екі қызды тонап кеткен

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Ішкі істер департаментіне 1987 жылы және 1988 жылы туылған Астана қаласының екі азаматшасынан кешкі мезгілде жағажайда олардың жеке заттары - сөмкелер мен фотоаппараттары ұрланғандығы туралы арыз түскен.

Астана жағажайында Моңғолияда туған екі азамат танысуды жалғастырудан бас тартқан екі қызды тонап кеткен

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында полиция қызметкерлері жағажайда қыздардың белгісіз тұлғалармен танысқандығын анықтады. Біраз уақыт өткізгеннен кейін әлгілер оларға жағажайдан кетуді ұсынады, бірақ арызданушылар келіспеген. Келіспегендіктері үшін ашуланған жас жігіттер күшпен оларға тиесілі заттарды алып қашпақшы болған. Оқиға болған жерге келген «Антал» полицейлік автопатрулі жасырынбақшы болған жас жігіттерді ұстады.

Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ-ның қызметкерлері ұсталғандардан жауап алу барысында олардың 1985 жылы және 1986 жылы Монғолияда туған азаматтары екенін, жұмыссыз, Ақмола облысында тұратындықтарын, бұрын сотталмағандықтарын анықтады. Қазіргі уақытта олар толығымен кінәларын мойындады, қылмыстық іс қозғалу мәселесі қарастырылуда.