«Астана - жаңа қала» АЭА құрған сәттен бастап 2 трлн. теңге инвестиция тартылды - А. Саябаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриалдық парктің жұмыс істеп тұрған уақытында 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл туралы «Астана - жаңа қала» АЭА Әкімшілік басқармасы» ММ басшысының орынбасары Архат Саябаев арнайы баспасөз туры барысында мәлімдеді.
None
None

«Бүгінде Индустриалдық парк нысандарының шығаратын өнімдерінің жалпы көлемі 363 млрд. теңгеден асады. 2010 жылы құрылған сәттен бастап АЭА аумағына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 2 трлн. теңгеден асты. Бұл қаражаттың басым бөлігі елорданың сол жағалауының жеделдетілген құрылысына бағытталды және соның арқасында 300-ден астам ғимарат пайдалануға берілді, барлық осы нысандар тартылған инвесторларды салық төлеуден босатудың арқасында салынды.

Индустриалдық парк аумағында бүгінде 58 инвестициялық жоба, 21 өндіріс пайдалануға енгізілді, 37-сі 2017 жылға дейін енгізіледі. Түрлі баға бойынша шығарылатын өнімнің жыл сайынғы көлемі 100 млрд. теңгеден асады. Сондай-ақ 2000-нан астам жұмыс орны құрылды», - деді А. Саябаев.

Сондай-ақ ол Индустриалдық парк аумағына кіру үшін іріктелетін нысандар бойынша өлшемдерді атап өтті.

«Инновациялық құрам - №1 индустриалдық парк аумағына кіру шарттарының бірі, сондықтан бұл жобаларды таңдауда өте мұқияттық танытамыз, тиісінше олардың басым бөлігі бірегей, жаңа өндіріс. Әр кәсіпорын жаңа технологияларды енгізіп, өз техникасын тұрақты жетілдіріп отырады. №1 индустриалдық паркті салуға республикалық бюджеттен 19,5 млрд теңге жұмсалды - бұл жол, желі, құбыр, канализация және т.б. Салық түрінде бүгінде бюджетке 30 млрд теңге қайтарылды, яғни жоба өз-өзін толықтай ақтады деуге болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар