«Астана жаңа - қала» кедені сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында елеулі шараларды жүзеге асыруда

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Астана - жаңа қала» кедені кеден органдарындағы кадр саясатын жетілдіруге,
None
None

Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру бойынша маңызды шаралар қабылдады, деп хабарлады «Астана - жаңа қала» кеденінің Ішкі қауіпсіздік бөлімшесі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында Комитет кадрларды іріктеу, тағайындау сапасына аса маңызды мән береді және осы мақсатта кеден органының лауазымды тұлғаларына біліктілік талаптары күшейтілді. Қызметке бекітілген біліктілік талаптарына сай, жоғары білімді және белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар қабылданады. Үміткерлер Кеденге жұмысқа қабылданар алдында ұлттық қауіпсіздік органдарынан, прокуратура органдарының арнайы есепке алу органдарынан және Қазақстан Республикасының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінен тереңдетілген тексеруден өтеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі басымды бағыттың бірі Кеденнің қаржы-шаруашылық қызметі саласындағы заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Өзіне сеніп тапсырылған 10 млн. теңгеден жоғары соманы ысырап ету фактісі бойынша Кеденнің әкімшілік-шаруашылық жұмыстары, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бастығына қатысты Кеденнің Ішкі қауіпсіздік бөлімшесімен қозғалған қылмыстық істі сотың қарауы нәтижесінде соңғы кінәлі деп табылып, сотталды. Қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін Кеденнің 2 қызметкері жұмыстан босатылды. Бір лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Кеденнің Ішкі қауіпсіздік бөлімшесі үздіксіз лауазымдық қылмыстардың және құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуне бағытталған алдын алу шараларын жүргізеді. «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясымен бірлескен ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес мәселелері қарастырылды.

Республиканың кеден органдары қызметінің жағымды бейнесін қалыптастыру және азаматтардың сенімін арттыру, қоғамды, бұқаралық ақпарат құралдарын қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жаппай төзбестік атмосферасын қалыптастыру мақсатында Кеден саясаты бойынша Қоғамдық консультативтік кеңес жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Кеденде азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын қабылдау үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Кеден қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетеріне мына телефондар арқылы шағым жасауға болады: 8 (7172) 24-06-49, 24-10-16.

Соңғы жаңалықтар