08:54, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Астана және Алматыда 7 мыңнан астам адам кәсіптік оқытуға бағытталды
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Алматы облысында кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге 4512 адам, Астанада 2957 адам бағытталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі pm.kz сайты үшін.
Бүгінгі таңда Алматы облысында кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге 4512 адам бағытталған. Оның 1666 адамы оқуын аяқтады, 1494 адам жұмысқа орналастырылды, бұл ретте 390 адам жеке субсидиялаумен еңбекақы алады. 22,7 млн. теңге қаражат игерілген.
Өз кезегінде Астанада 2957 адам кәсіптік оқытуға бағытталды, оның 1330 адамы кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға 1542 адам және 85 адам біліктіліктерін арттыруға бағытталды.
«Елордада бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер саны 3419 адам, 3058 адам әлеуметтік келісім-шартқа қол қойған», - делінген хабарламада.