Астана және Қарағандыда A'Studio тобы концерт қояды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада A'Studio тобының ұжымның 25 жылдығына арналған концерті өтеді.

Астана және Қарағандыда A'Studio тобы концерт қояды

Биыл 25-ке толған топ өз мерейтойын Кремльде үлкен концертпен атап өтіп, Ресей қалалары мен таяу шетелге гастрольдік сапарына аттанды.

 «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығының хабарлауынша, Қазақстанда A'Studio 10 қазанда Астанаға және 11 қазанда Қарағандыға барады. Топ көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған ескі хиттері мен соңғы альбомындағы жаңа әндерін орындайды.