Астана және Қазақстан митрополиті мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маямеровті және барша қазақстандық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Астана және Қазақстан митрополиті мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

«Дәстүрлі діни мерекелер, ең алдымен Исламның Ханафи мазһабы мен Православие республика Тәуелсіздігінің ширек ғасыры ішінде елдің маңызды қоғамдық оқиғаларының күнтізбесінен берік орын алды және Қазақстанның көпұлтты халқының өміріндегі елеулі құбылыстарға айналды.

«Ұлы Дала кеңістігіндегі өркениет өмірі сүре бастаған мыңжылдық ішінде әртүрлі ұлыстар өкілдері, әртүрлі мәдени және діни ұстанымдағылар бейбітшілік пен тату-көршілікті сақтауды үйренді. Біз, мұнда ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан адамдар үшін бүгінде ұлтаралық жанжалдар, радикализм мен лаңкестік қаупі өршіп отырған алмағайып заманда Қазақстанның басты байлығын ұқыпты сақтап, молайта түсу бұрынғыдан бетер маңызды.  Қазақстан Республикасының Президенті, аса құрметті Н.Ә.Назарбаев өзінің сөздерінде: «Біздің болашақ дамуымыз, барлық ойға алған істерімізді жүзеге асыру қоғамдық бірлік  және елдегі тұрақтылық болмайынша мүмкін емес» , деп талмастан айтып келеді. Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершіл және мәдени-тарихи негіздерін нығайтуға бағытталған біздің бірлескен қызметіміз, бұдан былай да игілікті мақсаттарға қызмет ете береді», - делінген құттықтауда.

Митрополит Александр Бас мүфтиге және елдің барлық мұсылмандарына денсаулық, ішкі әлем тыныштығын және Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектерінде игілік пен табыс тіледі.

Митрополье округінің басшысы Исламның басты мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, елдің облыс және қала әкімдеріне құттықтау жолдады.