Астана және Қазақстан митрополиті православиелік қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуі митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр православиелік қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады.
None
None

«Құрметті ағайындар мен әпкелер, қазақ жерінің тұрғындары! Сіздерді Христостың қайта тірілуі - мерекелердің мерекесі және салтанаттардың салтанатымен құттықтаймын.

Христостың қайта тірілуі – бұл Құдайдың адамға деген асқан махаббатының мерекесі.

Қазақстан православиесі үшін биылғы жыл ерекше – таяуда біз Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуі митрополиттік округінің құрылғанына 10 жыл толуын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы оқиғаға орай мамыр және маусым айларында Қазақстанға Украинадан Құдай Ананың Почаев иконасы мен Ресейден Аспан Патшайымының мүсіні әкелінеді.

Ағайындар мен әпкелер, Сіздерді қазақтың ұлы жерінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шақырамын!», - делінген Астана және Қазақстан метрополитінің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар