Астана жастарды «Шабытқа» шақырады

Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл жылы фестиваль «Классикалық музыка», «Журналистика», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Балеттің жас әртістері байқауы» және «Үздік әдеби шығарма» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Шығармашыл жастарға берілетін басты сый - Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы болмақ. Сонымен қатар, Гран-при, «Лауреат» атағы беріле отырып 1, 2, 3 дәрежелі сыйлықтар, «Шабыт» медалі, үстел үстінде тұратын «Шабыт» медалі, атаулы дипломдар мен Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайтаркерлері атындағы сыйлықтар ұсынылады. Келешегінен үміт күттіретін жастарға «Дипломант» атағы көрсетілген дипломдар, фестивальға белсене қатысқаны үшін марапат қағаздары мен жекелеген номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар беріледі.
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, фестивальға қатысуға ниет білдірген жастардың өтініштерін қабылдау әлі де жалғасуда.