Астана жастардың жүрегіне болашаққа деген сенім ұялатады - ЕҰУ студенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас елордасы - Астана бүгінгі жастарға болашаққа деген сенімділік ұялатып, үміттерін үкілей түседі. Мұндай ойды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің екінші курс студенті Ерлан Омар айтты.

Астана жастардың жүрегіне болашаққа деген сенім ұялатады - ЕҰУ студенті

«Оқуға түсер алдында мен қайда баратынымды ойлап еш қиналған жоқпын. Өйткені өзімнің туған қалам Астанада қалатыныма нық сенімді болдым. Мен үшін бұл жай ғана елорда емес, бұл қала мен үшін ыстық ұям, болашағымды байланыстыратын құтты мекенім. Сондықтан мен осы қалада білім алып, білікті маман болған соң Астана мен еліміздің игілігі үшін еңбек еткім келеді», - дейді Е.Омар.

Студент Астана тұрғындары мен барша қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтай келе, жарқын болашақ тілейтінін жеткізді.