Астана жастары арасында «Біз сайлауға барамыз, біз сайлауға қатысамыз!» атты кросс болып өтті

АНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астананың студент жастары «Біз сайлауға барамыз, біз сайлауға қатысамыз!» деген атпен ұйымдастырылған кроссқа қатысты.

Астана жастары арасында «Біз сайлауға барамыз, біз сайлауға қатысамыз!» атты  кросс болып өтті

Астана қаласы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының басшысы Рахат Хамидуллиннің айтуынша, аталмыш шара елдегі жастардың сайлаудағы белсенділіктерін арттыруға, өз дауыстарымен саяси шешім қабылдауға, өздерінің Конституциялық ерігін білдіруге атсалысуға шақыру.

«Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласында жастардың республикалық форумы өткен болатын. Бұл форумда Қазақстанның барлық өңірлерінен ең белсенді жастар жиналған. Осыған орай жастар тарапынан сайлау қарсаңында көлемді қоғамдық іс-шара ұйымдастыру ұсынысы айтылды»,-деді ол.

Р.Хамидуллиннің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында осындай кросстар болып жатыр.

«Жастар - Қазақстанның болашағы. Ал біздің болашағымыз бүгін шешіледі. Біз, жастар - тұрақты, дамыған ел үшін»,-деді ол.

Елордадағы шараға бірқатар колледждер мен лицейлердің тәлімгерлері қатысты.