Астана жастары ауған соғысында қаза тапқан қаһармандарды еске алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағы Ауғанстан соғысында қаза болған жауынгер - интернационалистер мемориалы алаңында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарудың 27 жылдығына арналған гүл шоғын қою рәсімін өткізді.
None
None

Шара барысында жиналған қауым ауған соғысында қаза тапқандарды еске алып бір минут үнсіздік жариялады.

«Ауған жерінен Кеңес әскерінің қайтып келгеніне 27 жыл өтті. Алайда сол бір қасіретке толы оқиғалар көптің көкейінен әлі де кете қойған жоқ. Зұлым соғыс кезінде ержүрек танытқан азаматтардың ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсету - барлығымыздың міндетіміз», - деді «Жас Отан» жастар қанаты Хатшылығының басшысы Аян Сакошев.

Гүл шоғын қою шарасына ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, ҚР Әуе-десант әскерлер кеңесінің ардагерлері, Тәжік-ауған шекарасында қазақстандық бітімгершілік батальонының қатысушылары және Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары, сондай-ақ, жастар ұйым өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 1979 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 1989 жылғы 14 ақпанға дейін Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінде Отан алдындағы борыштарын өтеді. Осы уақыт ішінде бұл соғысқа 22269 қазақстандық қатысты. Олардың 924 қаза тапса, 1015 мүгедек болды, ал 21 жауынгер із-түзсіз жоғалды.
null
null
null

Соңғы жаңалықтар