Астана жастары Елбасының Жолдауын талқылады

Жастардың дөңгелек үстел отырысы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті, ұйымдастырушы - «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы Астана қалалық штабы.
«Ел тәуелсіздігінің көкжиегінде Елбасы студент жастардың дамуына үлкен қолдау көрсеткен болатын. Атап айтқанда, әлемде теңдесі жоқ «Болашақ» бағдарламасы жастарға мемлекет қаражатына шет елдерде білім алуға мүмкіндік берді. Дарынды оқушыларға арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» бәсекеге қабілетті тұлғаларды дайындауға ықпал етті», - деп атап өтті «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы Астана қалалық штабының көшбасшысы І. Түстікбаев.
Елбасы Жолдауының маңыздылығын көтерген елорданың белсенді жастары мен студенттері өз ойларын ортаға салды.