Астана жастары мемлекеттік рәміздерге ұқыпты қарауға үйретпек

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын елордалық жастар велошерумен атап өтті.

Астана жастары мемлекеттік рәміздерге ұқыпты қарауға үйретпек

Акцияға шайтанарбаның 100-ге тарта әуесқойлары қатысуда.  Сонымен қатар мемлекеттік байрақты желбірете таққан велоколоннаны автокөліктер бастап отырды. Веложарыс «Бәйтерек» монументінен басталып, қаланың Тәуелсіздік алаңында орналасқан «Қазақ елі» монументі маңында мәреге жетті.

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Анатолий Добровольскийдің айтуынша, аталмыш акцияның үгіт-насихаттық, сонымен бірге тәрбиелік мәні бар.

«Біз әрбір жас, республиканың әрбір тұрғыны еліміздің мемлекеттік нышандарына сыйластықпен, ықыласпен әрі ұқыпты қарағанын қалаймыз. Адамдар олардың бүлініп, лас жерде жатқанын болдырмауы тиіс. Біз өз Отанымызды одан да қатты сүйіп, мемлекеттік нышандарымызды сыйлауымыз керек», - деді ол.