Астана жастары заңсыз төгілген қоқыстан тігілген киімдердің сән көрмесін өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы Астанада заңсыз төгілген қоқыстан тігілген киімдердің сән көрмесін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мәліметі бойынша, Астанада 500-ден астам заңсыз қоқыс төгетін орын бар.
Қозғалыс белсенділері тұрғындардың назарын осы проблемаға аудару үшін Jetisu тұрғын үй кешенінің алдындағы қоқыс алаңында «Trash Fashion Day» сән көрсетілімін жүргізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қоқыс қалдығынан тігілген әр киімнің үлгісі экологиялық апатты бейнелейді.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің алдында «Trash Fashion Day» фототүсірілімін ұйымдастырдық.
Үйлердің маңындағы қоқыс алаңдары өздігінен жоғалып кетеді деп үміттенуге болмайды. Әр адам қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін қоса алады.
Бүкіл халық, соның ішінде атқамінерлер де, Астана қаласындағы баяу таралатын экологиялық апатқа назар аудармуы керек», - дейді қозғалыс белсендісі Бауыржан Аманов.





