Астана жастарына түрлі сала бойынша тегін кеңес берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен қала жастарына түрлі сала бойынша консультациялық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана жастарына түрлі сала бойынша тегін кеңес берілді

Шараға Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог мамандар жастарға тегін консультация жүргізді. Қаладағы «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында өткен ашық есік күнінде жастар өзін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
null

«Бүгінгі ашық есік күнінде жастардың барлық сұрағына толыққанды жауап берілді. Жастарды негізінен жұмысқа орналасу, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі, баспана, өз кәсібін ашу және тағы басқа мәселелер мазалайды. Аталған шара өткен жылы басталып, биыл өз жалғасын табуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мыңға жуық жасқа кеңес берілді. Және алдағы уақытта аталған шараны елорданың адамдар көп шоғырланған орындарында өткізе береміз», - деді «Астана жастары» мемлекеттік мекемесінің басшысы Үкібай Нұрпейісов.
null

Оның айтуынша, өңірлерден Астанаға нәпақа табу үшін келіп, базарда немесе басқа жерлерде жүрген жастар түрлі мүмкіндіктердің бар екенін біле бермейді. Шараның мақсаты - соларға қол ұшын созып, мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндікті пайдалануға шақыру.

Айта кетсек, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі ұйымдастырған бұл шара «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында жүргізілуде.

null null

null