«Астана» жеңілістен қорқып емес, жанкүйерлерін қуанта алмаймыз ба деп қобалжыды - С.Стойлов
"Қорытынды есепке көңілім толады, бірақ, бұл нəтиже мені қуантып отырған жоқ. Себебі, біз бүгін қарсыластан басым түсуіміз керек едік. Бірақ, бірінші тайм бойы "Астана" ойыншылары сасқалақтап, қысылып-қымтырылды. Екінші тайм біздің пайдамызға шешілді, гол салатын сəттер көп болды ", - дейді С.Стойлов. Бас бапкердің айтуынша, үзіліс кезінде ол қол астындағы футболшыларға "УЕФА-да емес, Қазақстан чемпионатында ойнап жатқандай жүріңдер" деп ақыл айтыпты. "Үзіліс кезінде ойыншыларымды тыныштандыруға тырыстым, олардың жүйкелері сыр береді. Екінші тайм басталар алдында "УЕФА Чемпиондар Лигасында емес, Қазақстанның чемпионатында ойнап жүргендей болыңдар. Өздеріңді еркін ұстап, қалай ойнай алатынымызды көрсетіңдер" дедім. Бірақ, "Астана" жеңіліп қаламын деп қорыққаннан емес, жанкүйерлерді қуанта алмай қаламыз ба деген ойдан қобалжыды",-дейді С.Стойлов. Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасының "С" тобында ойнап жатқан "Астана" футбол клубы бүгін өз алаңында бірінші матчын өткізіп, "Галатасарай" командасымен тең түсті. Қорытынды есеп 2:2.