14:22, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Астана Жеңіс күнін атап өтуде
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ – Бүгін елордада Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс-шаралар қаланың барлық үш ауданында ? алаңдарда, саябақтарда және гүлзарларда қанат жайған. Апта бойы қалада Ұлы Отан соғысының және тыл еңбеккерлерінің ардагерлерімен салтанатты кездесулер өткізілді. Жеңіс даңғылындағы Жаңа алаңда балалардың мерекелік бағдарламасы және жәрмеңке өтуде. Конкурстар мен викториналар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Мәскеу циркі балалар мен ересектер үшін арнайы «Жануарлар карнавалы» қойылымын даярлады. Мамырдың 9-ына арналған салтанатты концерт Көктал кентінде өтуде. Мұнда шатырлар тігіліп, ардагерлер үшін дастарқан жайылған. Басты мереке «Отан-Ана» монументі алдындағы алаңда өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Астана музыка ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен концерт қойылды. Мұнда шатырлар тігілген, көңілі қалағандар жауынгер ботқасынан дәм татып, баянның сазды әуенімен билей алады. Жеңіс күнін тойлау аясында елорда аудандарының әкімдіктері ардагерлерге арнап түскі ас берді, оларды үйлеріне барып құттықтады. Бүгінде Астанада барлығы 534 ардагер тұрады. Мереке салтанатты отшашумен аяқталады.