Астана - жоғары білімді адамдардың өсіп келе жатқан агломерациясы - Н.Назарбаев

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Астана - жоғары білімді адамдардың өсіп келе жатқан агломерациясы, деп жазады ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін баспасөзде жарық көрген «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген тақырыптағы мақаласында.
None
None

«15 жылдың ішінде астаналық социум танымастай өзгерді. Биыл Астана халқының саны 15 жылдың ішінде 4 есеге жуық өсіп, 800 мыңға жетті. Астананың бас жоспарын әзірлеу барысында 2030 жылға таман бізге елорда жобасын қандай адамдар санымен жоспарлау керек деген мәселеде мамандар арасында талас туындағаны менің есімде. Шетелдік кеңесшілердің пікір­лері екіге жарылды. Еуропа мамандары өз әдістерін қолдана отырып, жоғарыдағы мерзімге таман Астана халқының саны 650 мың тұрғынды құрайтындығын есептеп шықты. Олардың жапондық әріптестері сол тұста Астанада 800 мың адам өмір сүреді деген қорытындыға келді. Қазақстандық демографтар есебі 1,5 миллион адамды көрсетті. Сөйтіп, 800 мың тұрғын цифрына табан тіредік. Бірақ қазір шындыққа біздің отандық ма­ман­дардың неғұрлым жақын келгенді­гін көріп отырмыз. Өйткені, 800 мыңдық көрсеткішке біз 30 жылда емес, небәрі 15 жылдың ішінде жеттік»,- деп жазады Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, Астана - жоғары білімді адамдардың өсіп келе жатқан агломерациясы. Жалпы білім беретін оқу орындарының елордалық желісі қазір 70 мемлекеттік және 12 мемлекеттік емес мектептерді, 78 мемлекеттік және 60 мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерді құрайды. 15 жылдың ішінде елордада 33 жаңа мектеп, 40 балалар бақшасы мен 22 шағын орталық салынды. 35 техникалық және кәсіптік білім беру колледжінде 31 мыңға тарта оқушы білім алуда. Бұл бүкіл Қазақстан үшін инновациялық түрдегі жаңа өндірістердің алғы шебіндегілер болмақ. Астана жаңа экономикасының дамуы қала халқын еңбекпен қамту құрылым­дарының өзгеруіне үлкен ықпал жасады. Халықтың үлкен бөлігі мемлекеттік басқару, қызмет көрсету салаларында еңбек етуде. Астаналықтардың 60 пайыздан астамы шағын және орта бизнес саласында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум