Астана жолдарында көлік апаты айтарлықтай азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сергек» камерасын орнатқаннан кейін Астанада жол-көлік оқиғалары азая түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қалада осы жылы 8 айдың ішінде небары 308 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22% төмен (396).

Жол апатынан жарақат алғандар саны да қысқарды: биыл 348 болса, былтыр 427 (19%).

Бұдан басқа, жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны екі есеге қысқарған (қаңтардан тамыз айына дейін ЖКО 40 адам көз жұмған, яғни 8 айда 2018 жылы - 20 адам).

Соңғы жаңалықтар