Астана жолдарының жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына шектеу қойылады
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат – ІІД Жол полициясы басқармасы мен Астана қалалық жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары басқармасы сәуірдің 10-ында 06:30 минөтте №3-ші жол өткелі қайта жөндеуден өткізілуі кезеңіне байланысты жол қозғалысыне шектеу қояды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мына көшелер мен жол қиылыстарына ақпараттық-көрсеткіш тақталары орналастырылады: Абай даңғылы-Можайский көшесі, Кенесары көшесі - Можайский көшесі, Можайский көшесі ? Құдайбердіұлы (бұрыңғы Жаңа Абай көшесі) көшесі, Л.Гумилев көшесі бойынша ? Абылайхан даңғылы, Мұңайтпасов көшесі ? Абылайхан даңғылы, Б.Момышұлы көшесі ? Абылайхан даңғылы, Абылайхан даңғылы ? 14-ші көше,14-ші көше ? Құдайбердіұлы көшесі, Угольный ауданындағы жаңа жол өткеліндегі 40-шы стансы, Бөгенбай батыр даңғылы бойынша Спецмонтажная көшесі және Спецмонтажная көшесі ? Можайский көшесімен қиылысы. Бұдан басқа, негізгі көше қиылыстарына жол полициясының бекеттері орналастырылады.№ 2-ші Жол өткелін қайта жөндеу жобасы ауқымында жол төрт жолақтан екі жолаққа дейін қысқартылады.Жөндеу жұмыстарын аяқтау және жол айрықтың оң жағын пайдалануға беру осы жылғы шілденің 1-не жоспарланып отыр. Осыған байланысты жол полициясы басқармасы №3-ші Жол өткелін жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтардың түсіністікпен қарауларын және жоғарыда аталған жол қозғалысы бағыттарын пайдалануды сұрайды.