Астана жолын салу мен пайдалану ерекшеліктері туралы деректі фильм ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жол салу, оны пайдаланудың ерекшеліктері туралы «Дөңгелек шолуы» деректі фильмінде көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды astana.kz.

Астана жолын салу мен пайдалану ерекшеліктері туралы деректі фильм ұсынылды

Деректі фильмде елордалық жолдарды пайдалану мәселесінің ерекшелігі көрсетілген. Онда сала мамандарының және сарапшылардың түсіндірмелері ұсынылады. Астананың жазы қысқа, қысы ұзақ, әрі суық болады. Ауа температурасының ауытқуы жол жабынының қызмет мерзіміне, құрамына әсер етеді. Деректі фильмде жер асты, жер бетіндегі судың жолға әсері туралы және бүдірлі, қысқы шиналарды пайдаланудың қыр-сыры әлемдік тәжірибеге сүйене отырып айтылады. Сонымен қатар, онда экология мен денсаулық мәселесі де назардан тыс қалмады, делінген хабарламада. Толғырақ, мына жерден білуге болады.