Астана ЖШС-ларының бірінен 12 млн. теңге ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Қылмыскерлер елордадағы ЖШС-ның бірінің кеңсесінің есігіндегі құлыпты бұзып кіріп, сейфтерден 12 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлап әкеткен, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Астана ЖШС-ларының бірінен 12 млн. теңге ұрланды

Ұсталғандардың ең үлкені 43 жаста. Бұрын бірнеше рет істі болған. Қалғандарының жастары 20-21-де.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 175-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шараларының барысында ұсталғандар осыған дейін жасалған 38 қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.