Астана жүргізушілері қай көшелерде жиі жылдамдықты асыратыны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір айда «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешені жылдамдық режімін бұзған 1800 жағдайды анықтады.

Астана жүргізушілері қай көшелерде жиі жылдамдықты асыратыны анықталды

«Осы жылғы 25 ақпаннан бастап 21 «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешені 42 миллионнан астам теңге сомасында жол қозғалысы қағидасын бұзған 1800 жағдайды анықтады», - деп хабарлады Астана ІІМ жергілікті полиция қызметінде.

Полицейлердің деректеріне сүйенсек, жүргізушілер көбінесе жол жүру ережесін «Астана-Қарағанды» тас жолымен қаладан шыға бере бұзады - бұл жерде (МЕТРО сауда үйі маңы) 335 заң бұзушылық анықталды.

Сығанақ көшесі бойындағы көпірде (Цесна банк) - 324 ереже бұзу оқиғасы, Сығанақ көшесі бойындағы VIVA PLAZA маңында - 281 бұзушылық, Қорғалжын тас жолымен қаладан шыға берер тұста - 247 бұзушылық тіркелді.

Еске салсақ, жылдамдық өлшеуіш радарлық немесе оптикалық әдіспен нысанның жылдамдығын айқындайды.