"Астана" журналының редакциясы қарияларға қамқорлық жасады

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат. «Астана» журналының редакциясы Алматы ауданының жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің көмегімен «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Қарттар күніне орай мерекелік шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Күнделікті күйбең тірлікпен біз қарттарымызды қамқорсыз, назарсыз қалдырамыз. Шараның мақсаты - қарттарға бір сәт болса да қуаныш сыйлау, астаналықтардың назарын аударту» - деді Алматы ауданы әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Айгүл Шалғымбаева.

Келген қарияларға «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының өкілі Ольга Кабанюк экскурсия өткізді. Қонақтар ғимараттың алыптығына таңғалып, мұндай кереметті бұрын-соңды көрмегендерін айтты. Оларға арналып «Fish market» мейрамханасында түстік берілді, жас дәурен шақтарындағы әуендер қойылды. «Хан Шатырда» орналасқан «Nomad-Art» фирмасы сыйлықтар, ал «Астықжан» сауда жүйесі азық-түлік салынған себеттер тарту етті.

Соңғы жаңалықтар