Астана жұртшылығы Ә. Молдағұлованың 90 жылдығын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың 90 жылдығына арналған мерекелік шара болып өтті. Батырдың ескерткішінің алдында өткен салтанатты жиынға қала әкімдігінің, Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
None
None

Шара барысында батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді.

«Бұл күн Ә. Молдағұлованың туған күні ретінде ғана емес, Ұлы Отан соғысына осы Ақмола өңірінен үш бірдей дивизия аттанған күн ретінде де аталып өтуі тиіс. Яғни 1941 жылы 20 сәуірде Ақмола гарнизонында 310-ыншы, 387-інші және 29-ыншы атқыштар дивизиясы жасақталып, олар бірінен соң бірі қан майданға аттанған. Сол жауынгерлер де жеңіс күнін бір қадам болсын жақындату үшін жандарын пида етті», - деп атап өтті Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, «Майдан жолы» іздестіру жорығының командирі Майдан Құсайынов.

Осыған байланысты шара барысында сол кездегі майданға аттанған жауынгерлерді қала халқының көз алдына әкелу мақсатында шеру ұйымдастырылды. 70-тен астам қала мектептерінің оқушылар соғыс кезіндегі аталарымыз киген әскери киімдермен шығып, Ә. Молдағұлова ескерткішінен вокзал маңына дейін барды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум