Астана жұртшылығы Аманжол Бөлекбаевты соңғы сапарға шығарып салады

Аманжол Қуанышұлы өмірінің көп жылын елорданың құрылысына және дамуына арнаған. Қайта құру кезеңінде, қаланың қалыптасуы барысында оны қазіргі заманға сай дамыған көрікті қалаға айналдыру үшін көп еңбек сіңірді.
Аманжол Бөлекбаев 1941 жылы 1 қаңтарда туған. 1981 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының механикалық факультетін тәмамдаған.
1987 жылы Аманжол Қуанышұлы Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1992-1997 жылдар аралығында қаланы басқарған, Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы, Ақмола қаласының әкімі, Ақмола арнайы экономикалық аймағының төрағасы болған.
Қазақстан Республикасы Парламенті екінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған.
Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.
Польша Республикасының Сенатымен, Корея Республикасының Ұлттық Жиналысымен ынтымақтастық тобының мүшесі.
«Құрмет белгісі», "Құрмет" ордендерімен, төрт медальмен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы.