Астана жұртшылығы сабантойды тойлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада татар және башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі - сабантой аталып өтті.
Дәстүрге айналған мерекеге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қала әкімдігінің өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты. Сондай-ақ мерекеден қала тұрғындары мен қонақтары да шет қалмады, деп хабарлайды 24.kz.
Шара барысындағы концерттік бағдарламада ұлттық әндер шырқалып, билер биленді, спорттық ойындар да мерекенің көрігін қыздырды. Молшылық пен достықтың, еңбектің мейрамы ретінде тойланатын сабантой егіс науқанының аяқталуына орай өткізіледі. Ән мен жырға толы мереке әлемдегі татар диаспорасы бар елдердің бәрінде тойланады. «Бұл татар, башқұрт ұлтының ғана емес, барша халықтың мейрамы деп есептейміз. Қазір бұл - алпыс мемлекетте тойланатын халықаралық мереке, ауылшаруашылығының мейрамы», - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кәміл Муллашев.