11:40, 29 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Астана -Жылу транзит» акционерлік қоғамына 8 миллионнан астам теңгенің айыппұлы салынды
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - «Астана-Жылу транзит» акционерлік қоғамы әкімшілік жауапқа тартылды және оған 8 миллион 478 мың теңгенің айыппұлы салынды,
деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінен.
Департамент мамандары кәсіпорынның жұмысын тексеру барысында техникалық жағдайдың көрсетілуі мерзімдерін бұзу, реттелуші қызметтерге (тауарларға, қызмет көрсетулерге) қолжетімділік шарттарын еріксіз таңу, сондай-ақ уәкілетті органмен келіспей мүліктік мәміле жасау фактілерін анықтады.
«Астана-Жылу транзит» компаниясының негізгі жұмысы - жылу энергиясын беру және тарату болып табылады.