«Астана» ЗЖҚ АҚ инфляцияны еңсерген бірден бір қор болып отыр

Бұл туралы қор басшылары бүгін Алматыда 2011 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«2011 жылдың қорытындысы бойынша «Астана» өзінің тұрақтылығын көрсетті. Салымшыларымыздың саны 500 мың адамнан асты. Жылдық нарықты көшбасшылық ұстаныммен аяқтадық. Инвестициялық кірісіміз нарықта ең жоғары болды», - деді «Астана» ЗЖҚ-ның Директорлар кеңесінің төрайымы Гүлнара Артамбаева. Акционерлер үшін «Астана» ЗЖҚ сәтті, тиімді жоба болып отыр. 1-ақпандағы мәлімет бойынша 12 айда қордың К2 табыс коэффициенті 7,6 пайызға жетті. Бұл Қазақстан нарығындағы орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. 2011 жылдың қаңтары мен 2012 жылдың қаңтары аралығында қордағы зейнетақы салымдарының көлемі 48 пайызға немесе 67 млрд. теңгеге дейін өсіп, 140 млрд. теңгеге жетті.