Астанада 1,5 мың полицей мен әскери қызметші Жаңа жыл күндері тәртіп қадағалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мереке күндері Астанада қоғамдық тәртіпті қадағалауға 1500 полиция және әскери қызметкер жұмылдырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
None
None

«Жаңа жыл мерекесі атап өтілетін - 31 желтоқсан мен 4 қаңтар күндері аралығында және қаңтардың 7-сі мен 8-і күндері Астана Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі. ҚР ІІМ полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері жалпы саны 1500 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сондай-ақ, мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады», - делінген таратылған хабарламада.

ІІД хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық шаралар кешені жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу үшін бақылау күшейтілді.

 

Соңғы жаңалықтар