Астанада 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласы мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.
None
None

Бұл туралы «169» анықтама қызметінен мәлім етті.

Осы уақытта температура бағаны -29 градус аязды көрсетіп тұр.

Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың  қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында  1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін)  - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.     

Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

- «31 - канал»  теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін) беріледі;

- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден - 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

- ата- аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне  хабарласуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар