Астанада 1 қазанға қараған түні барлық велосипед бұғатталады
АСТАНА. KAZINFORM — 30 қыркүйекте қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.
— Барлық станциядағы велосипедтер 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні сағат 00:00–де бұғатталады. Осыдан кейін велосипедтерді жалға алу мүмкін болмайды, — делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды, тек теңгерімдегі қаражат келесі маусымға ауыстырылады.
— Қаласаңыз, теңгерімде қалған қаражатты Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын ІІМ өңірлерде велосипед инфрақұрылымын дамыту мәселесі шешілмей отырғанын айтқан еді.