Астанада 1 мамыр мерекесіне орай 600-ге жуық жалғызбасты зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 594 жалғызбасты зейнеткерге бір реттік ақшалай төлем жасалады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
«Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жалғызбасты зейнеткерлерге, Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне жергілікті бюджет қаржысынан бір реттік ақшалай төлем жасалады», - делінген хабарламада.
Жалпы көлемі 1 782 000 теңгелік төлемдер 25 мамырдан кейін беріледі.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық ведомствоға қарасты мекемелерде зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.