Астанада 1 маусым күні «Бәйтерек» монументі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» монументінің әкімшілігі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 маусымына қарай аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы «Астана Бәйтерек» ЖШС-ның директоры Мұрат Сапарғалиев мәлім етті. «Нысанның іске қосылатын мерзімі - ағымдағы жылдың 1 маусым күні. Біз құрылыс материалдарын, атап айтқанда мәрмәр мен шыныға тапсырыс бердік. Олар ертең немесе бүрсігүні қалаға жетуі тиіс. Монументтің ішкі бөлігі толықтай сырланды, қазір сыртқы жағын бояп жатыр. Материалдар уақтылы келсе болғаны», - деді ол.

Сапарғалиев атап өткендей, монументтің іші өзгеріссіз қалады.

«Бұл қайта құрастыру емес, бұл - күрделі жөндеу жұмысы. Біз тек монументті толықтай жаңартамыз. Мысалы, керамогранитті мәрмәрға ауыстырамыз», - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бұл 2002 жылдан бері Бәйтерекке жасалған алғашқы жөндеу жұмысы. Ол «Бәтеректің» сумен жабдықталып, лифттік шахтадағы әйнектердің ауыстырылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, таяу күндері видеобақылау камералары орнатылады. 

Соңғы жаңалықтар