Астанада 1 маусымда суға түсу маусымы басталады
«Жүзу маусымының басталуына байланысты шаралар кешені өткізілуде, Астананың суларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары жасалды. Сондай-ақ республикалық деңгейде ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Онда азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі қаралды», - дейді Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ибрагим Күлшімбаев.
Жаз - демалыс маусымы. Өкініштісі, апатты жағдайдың көбі де осы мезгілде болып, тілсіз жаумен күрес қызады. Тек былтырдың өзінде Қазақстан бойынша 400 астам адам суға кеткен. Оның ішінде 8-і Астанадан. Тағы 25 елордалық тұрғын судан құтқарылыпты. Жалпы, зардап шегетіндердің 70 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтар, қалғаны балалар мен жасөспірімдер екен. Сондықтан да Астананың суда құтқару қызметінің өкілдері суда жүзу ережелерін қатаң ұстануға кеңес береді.