12:36, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада №1 сайлау учаскесінде Жастар мәслихатына сайлау науқаны басталды
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қабырғасында Астана қаласының Жастар мәслихатына сайлау науқаны өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бүгін Астана қаласының саяси өмірінде маңызды оқиға болып отыр. Біздің университетке берілген 3 орынға 10 адам бақ таластыруда. Мен №1 сайлау учаскесінде бәйгеге түсіп отырған үміткерлер біздің университет студенттерінің талаптарын айта алатын лайықты жандар деп санаймын», - дейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев.Аталмыш шараның ашылу рәсіміне қатысқан қалалық Мәслихаттың хатшысы Владимир Редкакашин үлкен саяси жарысқа түсіп отырған барлық үміткерлерге сәттілік тілеп, сайлау әрқашан сайланушылар үшін де, дауыс берушілер үшін де маңызды оқиға екендігін атап өтті.Барлығы қала бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Оның 12-сі жоғары оқу орнында, ал 17-сі орта оқу орындарында ашылған. Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаттығына сайлануға қала бойынша 214 үміткер ниет білдіріп отыр.