Астанада 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» VIII дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
None
None

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Ағымдағы жылы, акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілуде.

Акция мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету, қолұшын созу.

Іс-шараларға Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қоғамдық бірлістіктер, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қоғамдастықтары және тағы басқа ұйымдар ат салысады.

Акцияның барысында төмендегі іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда:

- бірінші сынып оқушыларын құрметтеуді ұйымдастыру («Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және т.б.), әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының бірінші сыныпқа баратын балаларына қайырымдылық іс-шара;

- аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін ірі сауда үйлерінде мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату бойынша «Мейірімді қолдар» акциясы;

- «Отбасынан отбасына» қолдау: «Баланы мектепке дайындаймыз», «Балаларға мейірім сыйла» қайырымдылық акциялары;

- ағымдағы жылдың 22 және 23 тамыз күндері мектеп жәрмеңкесі ұйымдастыру көзделіп отыр.

Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қала алаңдарымен басты көшелеріне акцияның логотипі мен жедел желі телефондарының нөмірлері бейнеленген баннерлер мен билбордттар орнатылады, ұйымдар мен мекемелерге, автобус аялдамаларына, базарларға, сауда орталықтарына акцияның логотипі мен «жедел желі» телефондарының нөмірлері бейнеленген плакаттар орналастырылады.

№ 7, 52, 76 мектептерде (14.08, 21.08, 28.08, 3.09) баланы мектепке орналастыру бойынша мамандардың кеңесі және заңгерлік көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар