Астанада 10 балдық көлік кептелісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – 2GIS елордада 10 баллдық көлік кептелісін тіркеді. Ал такси қызметінің бағасы ұшып тұр.

Астана застряла в 10-балльных пробках
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана застряла в 10-балльных пробках
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Картографиялық қызмет ұсынған деректерге сәйкес, қала көшелеріндегі жүктеме 10 балға жетіп отыр. Қабанбай батыр, Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік ел көшелерінде және басқа да бағыттағы қозғалыс тоқтап тұр.

Астана застряла в 10-балльных пробках
Фото: Kazinform

Бүгін жауын-шашын мол түспегенімен қала көшелерінде кептеліс елордадағы такси қызметінің бағасына да қатты әсерін тигізді. Қазіргі уақытта әдеттегі күнге қарағанда такси қызметінің бағасы 1,5-2 есеге қымбат.

Астана застряла в 10-балльных пробках
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суық енумдің эпицентрінде болады, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, республиканың орталығында және шығысында көріну қашықтығығын нашарлататын қатты қар жауады, ал жолдарда көктайғақ күтіледі.