Астанада 10 қабаттан құлап кете жаздаған баланы көршілері құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде оныншы қабатта құлап кете жаздаған балалар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік жанындағы қалалық мониторинг және жедел қимыл орталығына сілтеме жасап.

Астанада 10 қабаттан құлап кете жаздаған баланы көршілері құтқарды

Қосшығұлұлы көшесі, 10-үйдің 10-қабатындағы пәтерде үлкендердің қарауынсыз қалып қойған балалар терезені ашып, ойнап жүргені туралы хабар iKomek орталығына 3 шілдеде түскен.

«Видеобақылаудан 10-шы және 3-қабаттардағы көршілер балалардың терезеден шығуына адамдар еден жуғыштың көмегімен кедергі жасаған», - делінген хабарламада.

iKomek орталығының операторлары шұғыл түрде полиция, медицина және өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар 10-қабатқа өрт сөндірушілердің баспалдағы арқылы жеткен.

Орталық өкілдерінің айтуынша, көршілердің қырағылығының арқасында қайғылы оқиғаның алды алынған.