Астанада 10 қабатты тұрғын үйде өрт болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада лифті кабинасының өртенуі салдарынан Абылайхан көшесі 36 мекен-жайында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді,

Астанада 10 қабатты тұрғын үйде өрт болды - ҚР ТЖМ

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 Өрт бүгін 03.58 сағат шамасында тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 20 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды. Өрт 50 минуттан соң толығымен жойылды. Тұтанған тілсіз жаумен күресу кезінде тұрғын үйдің 47 тұрғыны көшірілді.  Олардың 15-і - балалар. 3 адам құтқарылды.